Қоғам

Спорт мектебіндегі бала өлімі: 2 тәрбиеленуші қамауға алынды

Үш қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі оқушы өлімінен соң, екі тәрбиеленуші күдікке ілігіп, қамауға алынды. Үш қылмыстық іс қозғалды.

Аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің «бұзақылық», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша іс қозғалды.

Сонымен қатар спорт мектебінің педагогтері мен басшылығының міндеттеріне адал қарамау дерегі бойынша да тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, 11 сәуір күні сағат 21:30-да спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмғаны жайлы хабарлаған болатынбыз..