Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

Ұлттық Банк Базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде қалдырды.

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды
сурет: kapital.kz

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады

Ақпанда және наурызда жылдық инфляция төмендеу үрдісін жалғастырған. Алайда, ол баяу қарқынмен төмендеді. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Бірақ, мейлінше, жоғары деңгейде қалды. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап түрде қалыптасып отыр. Әлемдік нарықтарда астық бағасы төмендеп келеді. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтанбаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр.

Инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауына байлынысты. Жылдық инфляция 2024 жылдың наурыз айында 9,1%-ға дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты. Ауытқу құбылысы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) бағасының мейлінше тез өсу әсерінен орын алып отыр. Ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен астықтың әлемдік бағасының төмендеуі – инфляцияның төмендеуіне септігін тигізуде, - деп жазылған хабарламада.