Жаңалықтар

Алматы облысында үш жасар қызды іздеуге 300 адам шықты

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен.

17 наурызда жоғалып кеткен үш жасар қызды әлі күнге дейін Күш ауылында іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының полициясы хабарлағандай, әзірге іздеулер нәтиже бермеді.

Күш ауылында жоғалған үш жасар қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпыға қазіргі таңда 300 ге жуық адам жұмылдырылды.