Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы «Ең үздік мәдени орталық» атанды

Сондай-ақ тағы бір қандас-бауырымыз Әлібек Қабдырахманов дирежерлік ететін Өзбекстан ұлттық симфоник оркестрі де «2023 жылдың ең үздік оркестрі» атағына ие болды.

Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы «Ең үздік мәдени орталық» атанды
Отандастар қоры

Өзбекстан республикасы Мәдениет министрлігі мәдениет және өнер саласындағы «Жаңа Өзбекстан жұлдыздары» атты ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өткізді.

Ресми мемлекеттік марпаттау шарасы  Zo’r TV телеарнасының «Ренессанс» холында өтті. 2023 жылдың қорытындысы ретінде өткен айтулы бұл ұлттық марапаттау Өзбекстанның мәдениет саласында қызмет етіп жүрген мамандар: түрлі жанрдағы әншілер, актер, актрисалар, симфоник оркестр, цирк артистері, аскияшы (әзіл-сықақ айтушы өнерпаз), кітапханашы, бахшылар (жыршылар), ұттық мәдениет орталықтары, жас өнерпаздар «Жылдың ең үздік...» номинациясы бойынша «Мәдениет және өнер ұлттық сыйлығымен» марапатталды.

Кеште Мәдениет министрлігі, Ұлтаралық татулық және Шет мемлекеттермен достық байланыстар комитеті тарапынан номинацияға ұсынылған мәдениет орталықтарының қатарында «Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы» да қатысып, Өзбекстандағы «Ең үздік ұлттық мәдениет орталығы» аталымы бойынша марапат иегері болды.

Айта кетейік, бұл номинацияға ұсынылған мәдениет орталықтары мемлекеттегі 130-дан астам ұлттың арасында жыл бойы өткен мемлекеттік мерекелік шараларда бауырмалдық пен достықты, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді дәріптей білген «Ұлттық мәдениет орталығы» лайықты болады.

Сондай-ақ, аталмыш кеште тағы бір қандас-бауырымыз Әлібек Қабдырахманов дирежерлік ететін Өзбекстан ұлттық симфоник оркестрі де «2023 жылдың ең үздік оркестрі» атағына ие болды.