Халықаралық спорттық баспасөз қауымдастығының басшысы (AIPS) Джанни Мерло Халықаралық жеңіл атлетикалар қауымдастығының президенті (IAAF) Себастьян Коуға осы спорт түрінен барлық рекаордтарды жоққа шығаруды ұсынды. Ашық хаттың мәтіні 3 желтоқсан, сейсенбі күні AIPS сайтында жарияланды. «Егер допинг мәселесі соншалықты ушыққан болса, жағдай қазір қалай болды екен. Меніңше, жеңіл атлетика бойынша әлемдік рекордтар кітабын жауып тастап, жаңасын ашатын уақыт жетті»,-деп есептейді Мерло. Оның сөзінше, бұндай қажеттіліктің туындап отырған себебі - көптеген Олимпиада чемпиондары мен рекордшылары өздерінің марапаттарынан допингтің кесірінен айырылды. «Сол себепті енді жеңіл атлетиканың жаңа кезеңін ашса керемет болар еді. Ол болашақ буынның үмітін оятар еді»,-делінген хатта. 2016 жылдың қаңтар айында тура осындай ұсыныспен Ұлыбританияның жеңіл атлетика федерациясының президенті Эд Уорнер де шыққан болатын, деп жазады lenta.ru.
Жүктелуде...