Жаңалықтар

«Сатаевтың «Қазақфильмді» басқаруына қарсымын» – Арыстанбек Мұхамедиұлы

«Сатаевтың «Қазақфильмді» басқаруына қарсымын» – Арыстанбек Мұхамедиұлы

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлттық кино индустриясының дамуы, режиссерлер дауы және тағы басқа өзгерістер туралы aikyn.kz сайтына берген сұхбатында Ақан Сатаевтың «Қазақфильмді» басқаруына қарсы екенін айтқан. 

«Сатаев – мықты режиссер. Бірақ оның Қазақфильмді басқаруына қарсы­мын. Қазір ол өзінің бүкіл уақытын Қазақ­фильмдегі дау-дамайға құртып жатыр. Мықты режиссер мықты кино түсіруі керек. Оған киностудияның ыстық суы бар ма, коммуналдық төлемі уақытылы төленді ме, басқа да ұсақ-түйек тірлікпен айналысу қажет пе?», – дейді А.Мұхамедиұлы. Сонымен қатар экс-министр «Борат» сияқты фильмдерді тоқтату үшін не істеу керегі жөнінде өз пікірімен бөліскен. «Қазақ­фильм – кино түсіретін фабрика. Оның атқаратын өз функциясы бар. Продюсерлік орта­лықтың міндеті – инвестиция табу. Жақсы инвестиция – сапалы фильм түсірудің жолы. Әрі инвестордың өз ақшасына жаны ашиды. Сол себепті де киноның ыстық-суығына бірге көнеді. Егер біз шетелдің киноком­па­нияларын алып келіп, солармен бірлесе фильм түсірсек, одан ешкім ұтылмайды. Сонда ғана біз «Борат» сияқты фильмдерді тоқтата аламыз», – деп жауап берді А.Мұхамедиұлы.