Археологтар Перудің оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан Наска үстіртінен екі мың жыл бұрын салынған мысықтың суретін тапты. Реставрация кезінде табылған бұл геоглиф шамамен біздің заманымызға дейін 200-100 жылдары салынған және сол замандағы Паракас мәдениетіне жатқызылады. Суреттің ұзындығы – 37 метр. «Суретті бірден байқау қиын және табиғи эрозия кесірінен жойылып кету қаупі төніп тұр», - деп мәлімдейді Перу Мәдениет министрлігінің өкілі. Бүгінде археологтар геоглифті тазалап, консервациялық жұмыстар жүргізді. Перуде орналасқан Наска үстірті 1994 жылы «археологиядағы ұлы жұмбақ» жасырылған орын ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.
Жүктелуде...