Коронавирустың өршуіне байланысты Ұлыбритания билігі Лондонда карантиндік шектеулерді күшейтті. Бүгіннен бастап ел астанасында шектеудің екінші деңгейі енгізілді. Жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады. Ал көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Билік халықты қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, алыс сапарға аттанудан мүмкіндігінше бас тартуға үндеді. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 640 мыңнан асқан. Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 38,8 миллионнан асып жығылды. Індеттен 1 097 278 адам көз жұмды.
Жүктелуде...