Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманы бейәдеп қылығы үшін жазаланды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полиция ақпаратына сүйенсек, Қарасай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы балалар ойнайтын алаңға темекі тұқылын тастаған. «Қарасай ауданы полициясының учаскелік инспекторы Н. есімді азаматқа 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды» делінген полиция хабарламасында.
Жүктелуде...