Қызылорда облысында қарақұйрық атып алған браконьерлер ұсталды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қызылорда облысының аумағында 13 қыркүйекте сағат 23:30-да РМҚК «ӨБ Охотзоопром» инспекторлары ВАЗ-21214 маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 16 калибрлі мылтық, атылған екі толай қоян және қарақұйрық табылды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодектсің 337-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Жүктелуде...