Жаңалықтар

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды, деп хабарлайды Еlbasy.kz.Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.– Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық, – деді Е.Досаев.