Жаңалықтар

Отбасы күні: Алматыда жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды

Отбасы күні: Алматыда жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды

Алматыда Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында қиын жағдайда қалған жас отбасыларға арналған сенім кабинеттері ашылды.

Жобаның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту және мегаполистегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас жұбайлар мұнда жоғары білікті психологтардан тегін кеңес пен психологиялық қолдау ала алады. Психологтар жастар мен студенттерге «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» және «Отбасылық қатынастардың әртүрлі аспектілері» сияқты тақырыптар бойынша кездесулер, семинар-тренингтер мен дәрістер өткізеді. Жас отбасылар мына мекенжайлар бойынша орналасқан 5 сенім кабинетіне жүгіне алады: - Төле би көшесі, 30, 23 қабат, № 27 бөлме +7 775 071 44 51; - Наурызбай батыр көшесі, 58, 3 қабат, № 63 бөлме +7 707 157 74 64; - Жандосов көшесі, 58, 4 қабат, № 409 бөлме +7 777 823 09 50; - Марков көшесі, 34, 1 қабат, № 101 бөлме +7 775 606 45 67; - Геологтар көшесі, 2, 32 қабат, № 6 бөлме +7 702 480 11 11. Келушілер жоғарыда көрсетілген телефондарға қоңырау шала алады немесе психологқа otbasy.almaty2020@gmail.com. электронды поштасы арқылы сұрақтар қоя алады.