Күзде 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады
Күзде 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады
Елімізде биыл күзгі шақырылымда 17 мыңнан астам азамат әскерге алынады.
Бұл туралы ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.
Оның айтуынша «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.