Алматы облысы Алакөл ауданына белгілі кәсіпкер орталық ауруханаға оттегі концентраторын табыстады. Алакөл ауданының маслихат депутаты, кәсіпкер, «Nur Otan» партиясының мүшесі Әбдірахманов Елжан аудандық орталық ауруханаға 1 дана оттегі концентраторын сыйға тартты. Қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті аппаратты сыйлағаны үшін аурухана басшысы Асхат Бұтабаев кәсіпкерге өз ришалығын білдіріп, алғысын айтты.
Жүктелуде...