Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының (US Open) ширек финалына шықты. Спортшының әлемнің 15-ракеткасын жеңген сәтінің видеосы жарияланды.

Төртінші айналым матчінде қазақстандық спортшы хорватиялық Петр Мартичті жеңді - 6:3, 2:6, 6:4. Кездесу екі сағат 30 минутқа созылды. WTA рейтингінде 25 жастағы Путинцева 35-орында тұр, ал 29 жастағы Мартич әлемнің 15-ракеткасы саналады. Бұрын теннисшілер өзара кездеспеген. Сондай-ақ, турнирде Қазақстан намысын Михаил Кукушкин (үшінші айналымға дейін жетті), Елена Рыбакина (екінші айналымға дейін жетті), Зарина Дияс (бірінші айналымда жеңілді) және Александр Бублик (бірінші айналымда жеңілді) қорғады.