Анадолы агенттігінің мәліметінше, Түркия елінің Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлы Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы 1 қыркүйектен бастап қайта жаңартылатынын хабарлады. Айта кетейік, 7 тамыз күні Анкарада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Ералы Тоғжанов бастаған қазақстандық делегация Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесу өткізіп, онда әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелерін талқылаған болатын.
Жүктелуде...