Жаңалықтар

Жемқорлық: 12 лауазымды тұлға ұсталды

Жемқорлық: 12 лауазымды тұлға ұсталды

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 80-нен астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

AntikorNews бағдарламасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров: «12 лауазымды тұлға ұсталды, 10 тұлғаға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп атап өтті. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.