Жаңалықтар

«Nur Otan» Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстарымен танысты

«Nur Otan» Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстарымен танысты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Қ.Байбектің 2019 жылғы 9 шілдеде Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Qutty meken» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласындағы 100 орындық онкология диспансері құрылысының мерзімінде аяқталуын «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалына тапсырылған болатын.  width= Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні аталған тапсырмаға сәйкес партиялық бақылау комиссиясы онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бекітілген кестеге сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Шетелден келген арнайы мамандар медициналық құрал-жабдықтарды орнату үстінде. Қазіргі таңда медициналық құрал-жабдықтардың жобамен 60 %-ы келген. Ал қалған жабдықтар қазіргі кездегі әлемде өршіп тұрған індетке байланысты кешігуде. Жыл соңына дейін толығымен аяқталып, халықтың игілігіне беріледі деп жоспарлануда.  width=  width=