Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Министрдің мәліметінше, 2 тамызда коронавирустан ПТР нәтжиесі оң болған 34 қазақстандық, сонымен қатар ПТР нәтижесі теріс болған, алайда ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас 21 науқас пневмониядан көз жұмған. Сондай-ақ, Алексей Цой елімізде коронавирус жұқтырғандардың 67 пайызы емделіп шыққанын айтты. Оның сөзінше, Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ астанада індеттен емделгендер саны артып келеді.
Жүктелуде...