Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 4 қола медаль алды
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 4 қола медаль алды
Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында:
- Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Қайырбек Хайдар – қола медаль;
- Нұр-Сұлтан қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Мужубаев Әбілмансұр – қола медаль;
- Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы) – қола медаль;
- Алматы қаласындағы Galaxy халықаралық мектебінің оқушысы Абдугафарова Кибриянур – қола медаль.
Құрама команданың жаттықтырушылары – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің химиялық инженерия магистрі Ернұр Төлеп пен «Назарбаев Университетінің» магистранты Әзім Аманжоловтың жұмысының арқасында қазақстандық оқушылар химия пәнінен 52-ші халықаралық олимпиадада елімізді лайықты деңгейде көрсете білді. Жалпы Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайынғы халықаралық олимпиада.