Атырау қаласының полицейлері Құрбан айт кезінде карантин шараларының сақталуын қадағалауда. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құрбандыққа шалынатын ірі және уақ малды Атырау қаласына кіргізбеу үшін «Атырау-Астрахань», «Атырау-Орал», «Атырау-Доссор», «Атырау-Индер» бағытына қатынайтын жол бойындағы Қараөзек, Береке, Ақжар ауылдары мен телемұнара тұсында мобильді бекеттер қойылған. Сондай-ақ, мұндай мобильді бекет Батыс Қазақстан облысымен шекарадағы Аққала елді мекенінің тұсында да бар. «Азаматтарды облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын, жұқтыру фактілерін азайтуға бағытталған шектеулерді, Құрбан айт мерекесі күндері іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы қаулы талаптарын орындауға шақырамыз. Бұған дейін жарияланған індет жағдайында құрбандық шалу алгоритмін сақтаған дұрыс», – деп атап өтті Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Жүктелуде...