«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке қарағанда, 31 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавл қаласында 31 шілде күні түнде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %. Батыс-Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте 37 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады. Ауа райы болжамының ытималдылығы 85-90%.
Жүктелуде...