Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус індетінен туындаған дағдарыстан шығынға ұшыраған ұлттық федерацияларға қаржылай көмек көрсету шешімін қабылдады. Sports.kz-тің хабарлауынша, ФИФА атқарушы комитетінің бюросы 1,5 миллиард доллар көлемінде жиынтық төлемді мақұлдаған. Тағы 210 федерация сияқты, Қазақстан да 1 миллион доллар көлемінде ақшалай өтемақы және әйелдер футболы үшін тағы 500 мың доллар алады. Сондай-ақ, бөлінген сома індет салдарын жоюға қаржысы жетпей қалған федерацияларға 5 миллион долларға дейін несие алу мүмкіндігі беріледі. Айта кетсек, қазақстандық премьер-лига ойындары әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты әзірге тоқтатылды.
Жүктелуде...