Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы Күршім ауылындағы 8 дәріханаға тексеру жүргізді

«Nur Otan» партиясы Күршім ауылындағы 8 дәріханаға тексеру жүргізді

Бүгін «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шәкерхан Тойбаев, аудандық партия филиалының кеңесшісі Шырын Еркінбек аудандағы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің іс жүргізу маманы Жұлдыз Исимбаева Күршім ауылындағы 8 дәріханаға  тексеру жүргізді.

Рейдте індет кезінде аса қажетті 47 дәрі қорына және бағасына мониторинг жүргізілді. Дәріхана иелеріне қажетті дәрілерді қайдан алуларына болатыны айтылып, олардың бағасын тұрақты ұстаулары сұралды. Соңғы апталарда ыстық түсіретін және вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс көбейіп, тұрғындар сақтық мақсатында аталған дәрілерді көптеп сатып алып жатқаны байқалады.Жұмыс тобының рейдтік қорытындысы бойынша, аталған дәрілердің бір қолға сатылатын мөлшеріне шектеме қою және бағаны тұрақты ұстау жөнінде дәріхана иелеріне нақты ұсыныс берілді.