Үндістанның Ассам штатында тұратын 2,7 млн-ға жуық адам қызыл су астында қалды. India Today басылымының хабарлауынша, UNESCO-ның әлемдік мұралар тізіміне енетін Казиранга ұлттық паркінде тасқыннан жүздеген жануар қырылған. Бірнеше күн тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан Брахмапутра өзені мен оның салаларындағы су деңгейі күрт көтерілген. Гувахати қаласында Брахмапутра өзенінің деңгейі қауіпті мөлшерден 49,68 метрге асып кетті. Қазіргі таңда Ассам штатындағы 2 548 ауыл су астында қалды. Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардан 78 317 адам эвакуацияланды.
Жүктелуде...