Бүгін Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті. Қайғылы жағдайды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады. «Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық (...) Пневмония», – деді Ғ.Жүкел. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты. «Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды», – деп жазды А.Баталов фейсбуктегі парақшасында. Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарды.
Жүктелуде...