Дағдарыс: United Airlines қызметкерлерінің жартысын қысқартуға мәжбүр
Дағдарыс: United Airlines қызметкерлерінің жартысын қысқартуға мәжбүр
Кеше компания 36 мың қызметкеріне қазанның 1-інен бастап ақысыз демалысқа жіберілетіндерін хабарлады. Олардың 2 мың 250-і ұшқыш, 15 мыңы бортсерік, 16 мыңнан астамы қызмет көрсету саласындағы мамандар. United Airlines компаниясы мемлекеттен миллиардтаған доллар көмек алса да, қаржы дағдарысын айналып өте алмады. Наурыз айының басынан бастап әуе тасымалы 95 пайызға қысқарды. Үкіметтен бөлінген қаражат алпауыт компанияның қазан айына дейінгі шығынын ғана өтейді, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Басылымның дерегінше, компания күн сайын 40 млн долларға жуық шығынға батуда. АҚШ-та және әлемде эпидемиологиялық ахуалдың оңала қоймағанын ескерсек, United Airlines қаржы дағдарысын жақын уақытта еңсере қоюы екіталай. Еске сала кетейік, бұған дейін қаржылық қиынықтарға байланысты Германияның атақты Lufthansa әуе компаниясы өзінің еншілес Germanwings компаниясын жапқанын хабарлағанбыз. Соңғы 30 жылда Германияның 30 жетекші компаниясы қатарынан көрініп келген Lufthansa жуырда бұл тізімнен шығып қалды. Тығырықтан шығу үшін компания қызметкерлерін қысқарту туралы шешім қабылдады. Болжам бойынша, «Lufthansa» -ның 26 мың жұмысшысы табыс көзінен айрылуы мүмкін.