Дәрігерлер тапшылығы: министрлік нақты деректерді жариялады
Дәрігерлер тапшылығы: министрлік нақты деректерді жариялады
«Практикалық денсаулық сақтау саласына 108 мың орта буын маманы тартылған. Өңірлердегі сұраныс қажеттіліктерге қарай медициналық колледждер мен ЖОО-лардың түлектері есебінен толықтырылады. Кадрлардың жетіспеушілігі Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады. Нақтырақ айтқанда, 616 анестезиолог-реаниматолог, 158 инфекционист, 60 эпидемиолог, 166 кардиолог, 68 пульмонолог, 84 реабилитолог керек», - делінген министрлік хабарламасында. Ведомство жұмысқа тартылған медициналық кадрлардың барлығы бойынша мәліметтер базасын құрып жатыр. Бұл база 40 мың маманды қамтиды. Сонымен бірге жұмысқа жеке сектор өкілдерінің 60 пайызы тартылған.