Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып Ақан Сатаев тағайындалды, – деп жазды министрліктің Facebook парақшасы. Ұжымға жаңа басшыны Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі. Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Арман Асенов атқарған болатын.
Жүктелуде...