ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетінен айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде хабарлады. «Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», - деп жазды А.Үкібай Twitter-де. Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің індеттен емделіп шыққанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та коронавирустан айығып, қызметіне қайта кірісті.
Жүктелуде...