Жаңалықтар

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды

Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жұқтырды. 

«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин коронавирусқа тест тапсырды. COVID-19 расталды. Қазір ол кісі үй карантинінде. Ауру симптомсыз, жеңіл түрде өтіп жатыр. Денсаулығы қанағаттанарлық. Қашықтан жұмыс жасауды жалғастырады»,– деп хабарлады қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті.