Жаңалықтар

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) 2020/21 жылғы маусымға арналған жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты Швецияның Стокгольм қаласында өтеді деп жоспарлануда. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, әлемдік дода 22-28 наурыз аралығында ұйымдастырылуы мүмкін. Ал Төрт құрлық турнирі 2021 жылдың 8-14 ақпаны аралығында Австралияның Сидней қаласында өтеді. Айта кетелік, әлемдегі ахуалға байланысты турнирлердің өту мерзімі өзгертілуі мүмкін.