Жаңа мереке туралы «Ашық ҮЕҰ» порталында жарияланды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қаулысына сәйкес, Абай күнін 10 тамызға белгілеу ұсынылды. «Аталған қаулыға сәйкес бекітілген Қазақстандағы мерекелік даталардың 22-1 пункіттерін мынадай мағынадағы сөздермен толықтыру керек. «22-1. 10 тамыз – Абай күні», – делінген құжатта. Бұл ұсынысты талқылау 13 шілдеде өтеді. Ұсыныс-пікірлерді «Ашық ҮЕҰ» порталына жазып қалдыруға болады. Айта кетейік, биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады.
Жүктелуде...