Бүгін Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында химиялық қоспаның буына күйген төрт адам қайтыс болып, тағы екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы облыстық полиция департаментің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы жағдай " АҚ №4 цехындағы 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде болған. "Аталған факті бойынша облыстық ПД Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлімі (Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталуда. Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде" , - деп хабардар етті облыстық полиция дептарментінің баспасөз қызметінен. Дәрігерлердің ауруханаға жеткізілген екі жұмысшының жансақтау бөлімінде жатқанын мәлім етті. 36 және 32 жастағы екі жұмысшының денесін 30-60 пайызға дейін күйік шалған.
Жүктелуде...