Мектеп бітірушілерге аттестат кезекпен беріледі
Мектеп бітірушілерге аттестат кезекпен беріледі
Ақмола облысы Білім басқармасының мәліметінше, өңірде мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау салтанатын аттестат тапсыру рәсімімен бірге 3-4 маусым аралығында өткізу жоспарланған. «Карантин талаптарына байланысты әрбір 11-сыныптың мерекелік шарасына 40 минут уақыт белгіленіп отыр. Мәселен, бір мектепте үш 11-сынып болса, олардың әрқайсысы өз сыныбымен және ата-аналарының қатысуымен бұл шараны бөлек, мектептің ауласында немесе спорт залында өткізеді. Сонымен бірге, салтанатты шара барысында 1,5 метр арақашықтық сақталуы тиіс, яғни, мектеп әкімшілігі әлеуметтік арақашықтықтың сақталуына мән беруі тиіс», – дейді ведомстводан. Биыл Ақмола облысында 4515 оқушы мектеп бітіретін болса, оның 297-і – Алтын белгі иегері, 187-і – білім ордасын үздік аттестатпен аяқтағалы отыр.