Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырудың 7933 жаңа дерегі тіркелді. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 114 мыңға жетті. Бұл туралы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылайтын шұғыл штаб хабарлады. — Соңғы анықталған 7933 деректің 3534-і (44,5%) бұрын ауырғандармен байланыста болғандар және олардан аурудың ешбір белгісі байқалмаған, — делінген штаб хабарламасында. Сондай-ақ, Ресейде бір күн ішінде 1601 адам індеттен айығып, 96 науқас көз жұмды. Елде коронавирус құрбандарының жалпы саны 1169-ға жетті. Айта кетейік, бұған дейін Ресей премьер-мининстрі Михаил Мишустин коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлағанбыз.
Жүктелуде...