Халқымыздың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 175 жыл. Ұлтымыздың ұлы тұлғасының мерейтойын мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде лайықты атап өту үшін елімізде арнайы үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды іс-шаралар жоспары түзілгені баршаға аян. Абай шығармалары арқылы қандастардың қазақ тілі мен әдебиетіне, ұлты мен жұртына, елі мен жеріне құштарлығын арттыра түсу үшін 2020 жылғы 28 сәуір - 28 мамыр аралығында алыс-жақын шет елдердегі этникалық қазақ жастары арасында халықаралық байқау ұйымдастырылады. Байқауға 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жастар қатысып, өзара бақ сынаса алады. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ: - Байқауға алыс-жақын ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ этникалық қазақтардың 18 бен 35 жас арасындағы ұл-қыздары - қандас жастар қатыса алады. - Байқауға қатысушы талапкер ұлтымыздың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбаевтың өзі қалаған кез-келген шығармасынан ҮЗІНДІ жаттап: - Абай өлеңінің бірінен үзінді оқуы (кемінде екі-үш шумақ) - Абайдың «Қара сөздерінің» бірінен үзінді оқуы (кемінде бір абзац) - Абай әндерінің бірінен үзіндіні (кемінде бір шумақ+қайырмасымен) мазмұнына сай мәнерлеп, нақышына келтіре орындауы керек. - Абайдың өлеңінен, «Қара сөзінен» және әнінен үзінді орындаған талапкер өзінің аты-жөнін, қай елде, қай жерде тұратынын бейнежазбаның (видеоролик) ең басында дауыстап айтып, қоса жазуы керек. - Байқауға қатысушы Абай шығармаларынан ҮЗІНДІ орындаған өзінің видеожазбасын өз қолайына қарай әлеуметтік желіге (Faсebook, Instagram, Twitter, VKontakte ) #OtandastarAbai175 хэштегімен салып, «Отандастар қорының» парақшасын төменде көрсетілген ресми парақшаларының бірін белгілеуі тиіс: - Байқауға жолданатын бейнежазбаларды (видеороликтерді) қабылдаудың межелі мерзімі: 28 сәуір - 28 мамыр аралығы, 2020ж; - Жүлдегерлер 1-маусымда анықталып, үздік үштікке енгендердің есімдері 1 маусым - халықаралық Балаларды қорғау күнінде жария етіледі және «Отандастар қорының» сайты мен әлеуметтік желілерінде жазылады. - Байқауға жолданған бейнероликтерді білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы іріктеп-сұрыптап, ең үздік деп танылған 3 (үш) талантты талапкер ЖҮЛДЕГЕР деп танылады. - Жүлделі орындар: I орын - біреу; II орын - біреу; III орын – біреу. Жалпы 3 жүлде. - 3 (үш) жүлдегерге де «Туған елге саяхат» туристік пойызына тегін жолдама беріледі. «Туған елге саяхат» туристік пойызы кең-байтақ Қазақстанның өңірлеріне саяхат жасатып, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай, әрі табиғаты тамаша өлкелермен етене таныстырады. - Саяхат жасайтын сапар уақыты қосымша хабарланып, жүлдегерлер алдын ала құлағдар етіледі. - Үздік үштікке енген шетелдік 3 жүлдегер қандастың Қазақстанға келіп-кететін жол шығынын, күтіп алу-шығарып салу және туристік топқа қосу міндетін «Отандастар қоры» КЕАҚ мойнына алады. - Байқау туралы ақпараттық материалдар «Отандастар қорының» сайты мен әлеуметтік желілерде орналастырылады. Ұлы ақынның ұлағатын паш етуге арналған байқауда баршаңызға сәттілік тілейміз!
Жүктелуде...