Италия 2020 жылдың соңына дейін шетелдік туристерді кіргізбейді. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини мәлімдеді, деп хабарлайды La Repubblica. — Шекараның ашылуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға және өзге мемлекеттердің саяси ұстанымдарына байланысты болмақ, — деді Франческини. Сондай-ақ, министр мамыр айында Италияда Колизей, Помпеи және өзге де тарихи-мәдени орындар ашылатынын жеткізді. Соңғы дерек бойынша, Италияда 195 351 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 63 120-і емделіп шықты. Ал 26 384 адам көз жұмды. Айта кетейік, әлем бойынша қатерлі вирус 2,9 млн адамнан анықталды. Олардың 203 мыңға жуығы қайтыс болды.
Жүктелуде...