Көкшетауда жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі. Әкімдіктің мәліметінше, теміржол апаты бүгін 19 сәуір таңертең сағат 11:00-де болған. «Жүк пойызының құрамын орнынын ауыстыру кезінде теміржолдың қиғаш тұсында 66 вагоннан тұратын құрам рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мәнжайы анықталу үстінде», - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=1hAXRYLq6hE&feature=emb_logo
Жүктелуде...