Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдегі коронавирусқа қарсы күреске арнап «We Are One» атты ән жазды. Әншінің жаңа әніне түсірілген бейнебаян «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы – Ухань қаласы – дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетілген. Видео соңында аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскаларын шешіп тастаған балалардың мәз-мейрам кезі көрсетілген. «Бүкіл әлем коронавируспен күресіп, басынан қиын күндерді өткізіп жатыр. Аты жаман ауруға қарсы күш біріктіріп, бір-бірімізге қол ұшын созғанда ғана COVID-19-ды жеңе аламыз. Бұл ән алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен оқшауланып отырғандарға арналады», - делінген бейнебаян сипаттамасында. «We Are One» - әнінің сөзін Gao Shang/Shang Yang, ал әуенін Dong Nan/Tang Yi жазған. Димаш жаңа әні туралы өзінің Instagram-парақшасына әлі жарияламаса да, оның жанкүйерлері бейнебаянды талқылап, әншінің өнеріне жоғары баға беруде. https://www.youtube.com/watch?time_continue=6&v=QysSLI2aHvM&feature=emb_logo
Жүктелуде...