ҚР Ішкі істер министрлігінің бір қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин хабарлады. «Бізде бір қызметкер індетті жұқтыруына байланысты қазіргі кезде ем-дом қабылдап жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты», - деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде. Бұдан бөлек ол инфекциямен ауырғандармен қарым-қатыныста болған 530 адам анықталғанын жеткізді. Олардың біразы өздерінің кәсіби қызметін атқаруын барысында карантиндік шаралармен қамтылды. Министрдің орынбасары 30-ға жуығы стационарлық емдеуге жіберілгенін айтты. «80-ге тарта адам үй жағдайындағы карантинде. Бүгінде көбісі жұмысқа шығып, қызметін жалғастыруда. Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің өміріне індет салдарынан қауіп төнуі жағдайы болмады», - деді Ю. Ильин.
Жүктелуде...