Жаңалықтар

Қызылордада коронавирус жұқтырған екі адам емханаға жатудан бас тартқан

Қызылордада коронавирус жұқтырған екі адам емханаға жатудан бас тартқан

Қызылорда облысы Сырдария ауданында бүгін таңертең анықталған 3 науқастың екеуі қойылған диагнозға сенбей, аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алудан бас тартқан. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов айтып берді

. «Сырдария ауданындағы 2 науқас өздеріне қойылған диагнозға қарсылық танытқан оқиға кездесті. Мұндай жағдай жұмысымызға кедергі келтіреді. Біз тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз», – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, басқарма басшысы Арал ауданында тіркелген 1 науқас «Астана – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолсерік болғандығын айтып өтті. Ол Түркістан облысындағы қауіпті індетті жұқтырған науқасты тасымалдаған.