Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы маусым айындағы жеткізілімдер бойынша 3,24 пайызға өсіп, барреліне 34,12 доллар болды, деп хабарлайды ТАСС. WTI маркасы фьючерсінің бағасы 27,15 доллар (+4,1%) болып тұр. Қара алтын бағасының көтерілуіне ОПЕК+ министрлерінің бейнебайланыс форматында өтетін келіссөздері ықпал етіп отыр. ОПЕК+ кеңесі 6 сәуірде өткізілуі тиіс еді, алайда 9 сәуірге ауыстырылған. ТАСС-тың хабарлауынша, бұған жиынға қатысушылардың мұнай өндірісінің көлемін қысқарту бойынша алдын ала консенсусқа дайын болмауы себеп.
Жүктелуде...