Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан тағы алты науқас емделіп шықты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың бесеуі ‒ әйел адам, біреуі ‒ ер адам. Провизорлық орталықтарда бүгінде 655 адам бар. Олардың 83-і бала, екі күндік карантинде 523 азамат, ал үй карантинінде 4411 адам жатыр. Сондай-ақ «Қалған 77 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Екі ересек адамның халі өте ауыр, 1 науқас ауыр жағдайда, 11 ересек науқастың жағдайы орташа ауыр», – делінген хабарламада.
Жүктелуде...