Қазастан Президенті мемлекетіміздің әнұранын бірге шырқаған тұрғындар бастамасына қолдау білдірді. «Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. Мемлекет басшысының айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. «Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық», - дейді ол. Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарының балконнан әнұран шырқаған видеосы кең тарады. https://www.youtube.com/watch?time_continue=4&v=KOIFi-dzirs&feature=emb_logo
Жүктелуде...