Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар саны екі есеге көбейеді. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеді. Департамент басшысының айтуынша, жақында Алматыда тағы 3 зертхана коронавирус инфекцияларын анықтауға көшеді. «Зертханалар санына келсек, бізде егер бұған дейін 3 зертхана жұмыс істеп тұрса, тағы 3 зертхана қосылады. Олардың бірі Корея мен Қазақстанның бірігіп ашқан жекеменшік зертханасы. Бұл ұйымның арнайы рұқсат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының да арнайы рұқсаты бар. Сосын СПИД орталықтың лабораториясы қосылатын болды», - деді Айзат Молдақасымова. Оның айтуынша, «Олимп» КДЗ бірнеше күннен соң жұмысқа кіріседі. Ал Корея-қазақстандық бірлескен компания жұмыс істеп жатыр. ЖИТС орталық жұмыс материалдарын жеткізу бойынша келісімшарт жүргізуде.
Жүктелуде...