Алматыда тағы бір науқас коронавирус дертінен емделіп, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. 68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық). Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар. Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған. Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамға жетті. Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і — бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і — бала. Үй карантинінде 3853 азамат бар.
Жүктелуде...