Әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Індетке шалдыққандар қатары соңғы тәулік ішінде 74205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен қайтыс болғандар қатары 3621 адамға өсті. Ал дерттен сауығып кеткендер саны - 145586. Соңғы тәулікте әлемде 10868 адам емделіп шыққан. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам кеселге шалдыққан.
Жүктелуде...