Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде болады деген болжам жасады. Бұл туралы ол Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында берген сұқбатында айтты. Оның айтуынша, сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, шарықтау шегіне жетеді деп күтіледі.
Жүктелуде...