Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттері бүгін доллар сатуды тоқтатты. Kurs.kz мәліметінше, Алматыда тек екі айырбастау пунктінде ғана доллар 452-452,5 теңгеге сатылып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктері америкалық валютаны сатуды бүгінге тоқтатқан. Шымкентте бір долларды 453 теңгеге сатып алуға болады. Айырбастау пунктерінде еуро бағамы: 483-490, 485-492 теңге. Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеген болатын.
- АҚШ доллары - 6 теңге;
- Еуро - 7 теңге.